«Ақтөбе» футбол клубына бас бапкер тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM - Аталған қызметке беларусьтік Вячеслав Левчук келді. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Ол осы уақытқа дейін бас бапкердің міндетін атқарып келген еді. Беларусь маманы енді толыққанды бапкерлік міндетке тағайындалды.
Айта кетсек, аталған маманның жетекшілігімен команда соңғы үш кездесудің үшеуін де жеңіспен аяқтаған еді.
Вячеслав Левчук 1971 жылы дүниеге келген. 1987-2000 жылдар аралығында беларусьтік командалар сапында қорғаушы шебінде доп тепті.
2001 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысып келеді. Қазірге дейін Беларусь, Молдова, Украина, Ресей, Қырғызстан клубтарында қызмет атқарды.
Еске салсақ, сәуір айында биылғы маусымдағы сәтсіз ойындары үшін «Ақтөбе» командасының бас бапкері Игорь Леонов қызметінен кетті.
Игорь Леонов «Ақтөбе» футбол клубымен бірге 2024 жылы Кубок иегері атанса, Премьер лигада қола жүлде алды.
2006-2024 жылдар аралығында ол украиналық клубтарда түрлі қызметте болды.