"Ақтөбе" футбол клубы "Маккабиден" ұтылып қалды

АЛМАТЫ. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -"Ақтөбе" футбол клубы  Чемпиондар лигасының 3-ші айналымындағы қарымта кездесуде  "Макаби" командасына 3:4 есебімен есе жіберіп алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған  Серж Гюмьенни бастаған бельгиялық төрешілер қазылық жасады. Ақтөбеде есеп айрыса алмай тарасқан командалар бұл жолы қақпаны 7 рет дәл көздеді. Ойынның алғашқы ширегінде В. Мұхановтың шәкірттері қарсыластар қақпасына бірден 3 доп енгізіп, өз басымдығын танытып  тұрған. Алайда бірінші таймның екінші жартысында алаң иелері 2 рет қарымта қайтаруға мүмкіндік алды. Ал екінші таймда Элиша Левиден тәлім алатын "Макаби" футболшылары  есепті теңестіріп қана қоймай оны 4:3-ке жеткізді. Аса тартысты өткен бұл кездесуде қарсыластар қақпасына ақтөбеліктер сапынан Аварченко (8 минут), Чичулин (13 минут), Хайруллин (15 минут), ал  хайфалықтардан Катан (16 минут), Гольса (34 минут), Двалишвили (59, 62 минут) доп соғып, көзге түсті. Сондай-ақ алаң иелерінен  Рафаэлов ( 24 минут), Кейнан (56 минут), Давидович (76 минут) пен Тейшейра (84 минут), ал қонақтардан Головской (38 минут) мен Чичулин (90 минут) төрешіден ескерту алды.