Ақтөбе қаласында қоқыс полигонынан өрт шықты

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Өрт туралы хабарлама бүгін сағат 06:15-те түскен. Қазір төтенше жағдайлар қызметі мен полигонға жауапты компания жұмысшылары өртті сөндіріп жатыр.

Ақтөбе қаласының іргесіндегі қоқыс полигонынан өрт шықты. Төтенше жағдайлар қызметіне хабарлама түскен бойда бірнеше техника жіберілді.

- Қазір өрт шарпыған аумақтың ауданы – жарты гектар. Қалада қатты жел соғып тұр. Желдің жылдамдығы секундына 15 - 18 метрге жетті. Қатты жел өрт сөндіру жұмыстары кезінде қосымша қиындық туындатты. Өртті сөндіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, «Таза Әлем 12» ЖШС және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Барлығы жеке құрамнан 68 адам және 34 техника бірлігі жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өртті сөндіру, оның таралуына жол бермеу және топырақпен көму жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде биылғы өрт шығыны 151 млн теңгеге жетті. Облыста биыл 359 өрт тіркелді. Өрттің көбі тұрғын үй секторында болған.