Ақтөбе қаласының маңайындағы жайылым карантинге жабылады
Ақтөбе қаласының маңайында орналасқан жайылымдағы ұсақ малдардан күл ауруы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұсақ мүйізді қара малдардың арасында күл ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының «Садовое» тұрғын үй алабына қарасты, Батысқа қарай жолда Қарғалы өзенінен 3 шақырым қашықтықта орналасқан жазғы жайылымдағы отарлар аумағында карантин белгіленсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулы-жобасында.
Қоса кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысының Қобда ауданына қарасты Жаманкөл ауылының тұрғынын құтырған түлкі талап, елді мекенге карантин енгізілді.
Сондай-ақ, Ақмола облысындағы Үшқарасу ауылында мал қырылып, адамдар түйнемемен ауруханаға жатқызылды. Ал елді мекен карантинге жабылды.