Ақтөбе қаласында ауаның ластану деңгейі артады - Қазгидромет

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидромтеке сілтеме жасап.

Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күші - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус суық, күндіз 3-5 градус жылы болады.

Ал 28 қазанда б ұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 1-6 м/с. Ауа температурасы 2-4 градус суық болады.

«27-28 қазанда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қала бойынша ауаның ластану деңгейі көтеріңкі болады», - деп жазды синоптиктер.