Ақтөбе қаласында жыл басынан бері 268 адам әлеуметтік еңбекпен қамту орындарына жұмысқа орналасты
«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Нәйлә Бүртібаева Политехникалық колледж студенттерімен өткізілген кездесуде мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы кеңінен әңгімеледі.
Жұмыспен қамту бөлімі өкілдерімен болған кездесуге «құрылыс және ғимараттар салу», «электрші», «есеп және аудит» мамандықтары бойынша білім алып жатқан, оқу орнын 2014 жылы бітіретін жастар қатысты.
Н.Буртибаева әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жастар тәжірибесінен өту тетіктеріне тоқтала келе, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы туралы жан-жақты әңгімеледі.
Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылға арналған зерттеу жұмыстарының нәтижесі - облыс кәсіпорындарында электрші, дәнекерлеуші, темір ұстасы, энергетик, механик, құрылысшы сияқты мамандар талап етілетіндігін көрсетіп берді.