2015 жылы қазан айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы заңның шеңберінде қала құрылысы сараптамасын өткізу процессі реттелді: барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілді; қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын және Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қағиданың мақсаты - жобаларды кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткізу процессін реттеу; жобаларды кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткізу кезінде, сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру процессін реттеу; кешенді қала құрылысы сараптамалық қорытындыларын рәсімдеу тәртібін белгілеу.
Құжат қала құрылысы сараптамасын өткізу процессін реттейді, қала құрылысы жобасы бойынша сараптама комиссиясын құру тәртібі және сараптама қорытындысын рәсімдеу тәртібі анықталды.
«Қазіргі таңда, қағидалар қолданысқа енгізілді, министрліктегі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің қағидаларға сәйкес құрған комиссиялары сараптамалар жүргізеді. Қазір Байқоңыр қаласының бас жоспары, Алматы агломерациясының аумағын дамыту өңіраралық схемасы, Ақтөбе қаласының бас жоспары сараптама комиссиясының қарауында» - деді Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің сәулет, қала құрылысы және қала құрылыс кадастры басқармасының басшысы Тәңірберген Дәркенбаев.