Ақтөбе қаласының қалалық сотында пәтер алаяқтығы бойынша іс қаралды

None
АҚТӨБЕ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе қаласының №2-ші сотында жылжымайтын мүлік бойынша кезекті алаяқтық оқиға қаралды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2007 жылы 31 жастағы ақтөбелік алаяқтық әдіспен пәтерді иемденген.

Төмен бағаға пәтер сатып алғысы келетін азаматтардың жағдайын пайдалана отырып, алаяқ өзінің танысына банк тыйым салынған мүлікті сатып алуды немесе сатып алғысы келетіндерді тауып беруін сұраған.

31 жастағы ақтөбелік өзін мүлікпен айналысатын агенттіктің менеджері ретінде таныстырған. Алаяқ сатып алушыға пәтерді банк тұтқындағанын, әзірге кілт полицияда екенін айтып құтылған. Осылайша ол пәтерді сырттай сатып жіберген,  38 мың долларды алып, өзінің қажетіне жаратқан.

Сот алаяқты шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырып, 1 жылға сынау мерзімін белгілеген.