Ақтөбе қаласының орталық базарында өрт болды - ТЖМ
07:55, 09 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Бейсенбі, шілденің 8-і күні Ақтөбе қаласының орталық базарында өрт болды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
Нақтылап айтқанда, базар аумағында орналасқан азық-түлік және киім қоймалары жанды. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 60 шаршы метрді құрады.
ТЖМ қызметкерлерінің айтуынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 18 адамы мен 4 техниканың күшімен жарты сағаттан кейін сөндірілді.