Ақтөбе қаласының сотында қалалық салық комитетінің қызметкерінің алаяқтығына қатысты іс қаралуда

None
АҚТӨБЕ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбенің №2 қалалық сотында қызметтік өкілеттілігін пайдаланған және алаяқтық жасаған қалалық салық комитетінің бұрынғы маманына қатысты қылмыстық іс қаралуда, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Іс материалдарына сәйкес 29 жастағы ақтөбелік азамат қалалық салық комитетінің құқық бөлімінің маманы болып жұмыс істей жүріп, бірнеше азаматқа салық проблемаларын шешіп беруге уәде еткен.

2010 жылдың маусым айында салық комитетіне «ТГМ» ЖШС қызметін тоқтату туралы арызданып оның директоры арызданып келді. Оң шешімді күтіп жүргенде әйел адам күдікті азаматпен танысып, оған істің шешілуін тездетіп беруді сұрайды.

Салық қызметкері өз қызметі үшін директор әйелден заңсыз сыйақы ретінде 150 мың теңге сұрайды. Ұсынысты қабылдаған әйел оған ақшаның жартысын - 80 мың теңгені қолына ұстатады. Бірақ аз ғана уақыт өткеннен кейін күдікті азамат ақшаның қалған бөлігін де талап ете бастаған. Оның әрекетінің жалған екендігіне көзі жеткен директор әйел ішкі істер органдарына арызданады.

Енді салық комитетінің бұрынғы қызметкері ҚР ҚК 177-бабы 3-тарауы бойынша айыпталуда.