Кездесудің алғашқы минутынан киевтіктер жағынан біршама қысым байқалды. «Динамолықтардың» гол соғуға асыққаны көрініп тұрды. Жанкүйерлердің қиқулаған қолдауына қарамастан, қазақстандық топ шашыраңқы ойнағандай болды. Сол үшін де 16-минутта Владимир Никитенконың командасы қонақтардан бір таяқ жеп алды.
Қақпаларына доп өткізіп алған ақтөбеліктер өздерін қолға алып, қауіпті шабуылдар жасауға кірісті. Сөйтіп ойынның 37-минутында айып добын соғу кезінде қазақстандықтар есе қайтарды. Гейнрих оң жақ флангтен шабуылдап, Тремулиннің добы қақпаға кірді - 1:1.