«Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесімен және Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармаларының қызметкерлері құрамында 3 адам бар ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Олар ұзақ уақыт бойы Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының аумағында аса ірі көлемде есірткі заттарын тасымалдау, сақтау және сатумен айналысқан»,- деді ол.
Оның айтуынша, қылмыскерлер есірті сатудан түскен ақшаға жылжитын және жылжымайтын мүліктер сатып алып отырған.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп атап өтті Алмас Садубаев.