«Ақтөбе» мен «Нефтчи» футбол командаларының кездесуі 2:3 есебімен аяқталды
Кеше олар соңғы спаррингтік кездесуде Әзірбайжанның Баку қаласының «Нефтчи» командасына 2:3 есебімен ұтылған болатын. Онда ақтөбеліктер сапынан сынақта жүрген қосалқы құрамның ойыншылары Евгений Дяденко мен Александр Вольф көзге түсті.
Жалпы, 7 қаңтар күні басталған бұл жиында олар 10 қаңтар күні алғашқы спаррингте Түркияның Бірінші лигасында 2-ші орында келе жатқан «Кайсери Эрсиесспор» командасына 2:3 болып ұтылған еді. 13 қаңтар күні Түркияның екінші лигасында өнер көрсететін «Мурат-паша Беледияспормен» тең түсіп (1:1), Германияның Екінші Бундеслигасындағы «Бохум1848» командасына (0:2) есе жіберді. Ал 16 қаңтар күні агент Валерий Решетнев істерін жүргізетін футболшылардан құралған «Goal Management Group» командасына 0:2 және Екінші Бундеслигадағы тағы бір неміс клубы «Динамоға» 3:1 есебімен жеңілді. Ал 19 қаңтар күні Молдованың "Рапид" командасымен 0:0 болып тарасқан еді.