Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жол жабылды
10:19, 17 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM – Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.
2026 жылғы 17 ақпан сағат 10:00-де «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығында, яғни Ақтөбе қаласы мен Қарабұтақ ауылы аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жолды 17 ақпан сағат 12:00-де ашу жоспарланып отыр.
Қосымша ақпаратты 1403 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тәулік бойы алуға болады.
Айта кетейік, бүгін 17 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды.