Ақтөбе облысында бірнеше жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі хабарлады.
2026 жылғы 20 ақпан сағат 04:00–де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде жүк және қоғамдық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды:
— «РФ шекарасы (ө/п Жайсан) — Ақтөбе — Қызылорда — Шымкент — Алматы — ҚХР шекарасы (ө/п Нұр Жолы) 0–77 шақырым аралығы (Жайсан өткізу пунктінен Эко Ойл АЗС дейін).
— «Ақтөбе — РФ шекарасы (ө/п Алимбет) 39–136 шақырым аралығы, (Ш. Қалдаяқова ауылынан Алимбет өткізу пунктіне дейін).
Жолды 2026 жылғы 20 ақпан сағат 12:00–де ашу жоспарланған.
Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді.