Ақтөбе облысында мигранттар ұсталды
09:07, 26 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM – 23 қарашада ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысының «Жайсаң» автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты.
ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, жүк көлігін тексеру барысында шекаралық жасақ құрылыс материалдары арасында 10 шетелдік азаматты анықтады.
Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК Шекара қызметі осындай құқық бұзушылықтар қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын атап өтіп, азаматтарды шекара арқылы заңсыз өту схемаларына қатыспауға шақырды.
Айта кетейік, Астанада заңсыз көші-қон ұйымдастырғандар сотталды.
Қазақстан мен Армения заңсыз көші-қонмен бірлесе күреседі.