Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол компаниясы Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жол жабылғанын мәлімдеді.

- 2024 жылғы 18 желтоқсан сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

Ақтөбе облысы:

- Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы автожолының 12-250 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қ.-Қарауылгелді а.), - делінген шұғыл ақпаратта.

Жолды 2024 жылғы 19 желтоқсан күні таңғы сағат 07:00-да ашу жоспарланған.