Ақтөбе облысында ішкі органдарын 15 млн теңгеге саудаламақ болған тұрғын ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ақтөбе облысының прокуратурасынан мәлім болды.
Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы қызметкерлерімен әлеуметтік желіге орналастырылған жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе қаласының тұрғынының бірі, өзінің ішкі органдарын сатуы бойынша ықтимал заңсыз мәміле жасау туралы ақпарат алынды.
Алынған мәліметтер негізінде облыс прокуратурасының қаулысына сәйкес облыстық полиция департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
2025 жылдың 30 сәуірінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдіктіні ұсталды.
- Аталған фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде,-делінген хабарламада.
Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
Осыған дейін полиция кең тараған бес киберқылмыс түрін атаған болатын.