Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр

Фото: ТЖМ

АҚТӨБЕ. KAZINFORM –  Ойыл ауылында уақытша үйінді көпірде жол төсемесінің үйіндісін нығайту және ұлғайтуға байланысты ТЖД, ТЖМ 20982, 28237 әскери бөлімнің қызметкерлері, полиция және ЖАО қызметкерлерімен жүзу құралдары арқылы халықты тасымалдау жүргізіліп жатыр. 

Уақытша үйінді көпірде жол төсемінің үйіндісін нығайту және ұзарту жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Елді мекенге қауіп жоқ, өзендегі су деңгейінің төмендеуі байқалады. 

Облыс бойынша 4880 текше метр қар шығарылып, 66 304 текше метр су сорылды, 12 830 дана инертті материалы бар қапшық дайындалды, 7 770 дана қапшық төселді.

Еске салсақ ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысында айналма жолда су тасқыны тіркелгенін мәлімдеген еді.

— 18 наурыз таңғы 07:00 шамасында «Қандыағаш — Ембі — Шалқар — Ырғыз» республикалық автожолының 92 шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелді. Тасқынның ұзындығы — 100 метр, ал биіктігі — 50 см. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылды, — делінген хабарламада.