Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Polisia.kz

Сайттағы деректерге қарағанда, Toyota мен Hyundai автокөліктері соқтығысып, салдарынан HYUNDAI автокөлігі инерциямен MAN жүк көлігін соққан.

Салдарынан Маңғыстау облысының тұрғындары Hyundai автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды, аяғы сынған жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.