Ақтөбе облысында жол жабылды

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

– 2026 жылғы 6 наурыз сағат 22:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965–1153 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарабұтақ ауылы – Ырғыз ауылы) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылғы 7 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, Ақтөбеде боранды күні жолда қалған адамдар құтқарылып жатыр.

Ақтөбе облысында қазір күн жылы болғанымен, боран соғып тұр. Салдарынан бірнеше бағыттағы жол жабылды. Ескерту елемеген кейбір жүргізушілер жолға шығып, кейін көмекке жүгінді.