Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырған 95 адам ауруханада ем алып жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - ЖРВИ жұқтырып, ауруханада жатқан науқастардың 65-і бала. Сонымен қатар биыл 18 адамнан шошқа тұмауы, 7 адамнан аденовирус анықталды.

Фото: Астана әкімдігі

- Былтырға қарғанда биыл ауруға шалдыққандар саны 3,2 пайызға төмен. ПТР әдісімен 1 мыңнан астам үлгі зерттеліп, 18-інен А(Н1N1), яғни, шошқа тұмауы және 7-інен аденовирус анықталды. Бұл жыл сайын айналымда жүретін тұмау вирусы. Бүгінде ЖРВИ жұқтырған 95 адам ауруханада ем алып жатыр. Науқастардың 65-нің жасы 14-ке толмаған,- деді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Аяғанова.

Эпидемиологиялық маусым алдында 120 мыңнан астам адам вакцина қабылдады. Вакцина алуға міндетті топ түгел екпе салдырды. Сонымен бірге тұрғындар ақылы түрде вакцина қабылдай алады.

Айта кетейік, Алматыда ЖРВИ мен тұмау жұқтыру маусымдық өсіп жатыр. Соған қарамастан, қаладағы балалар мен ересектерге арналған инфекциялық ауруханалар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.