Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді
14:15, 22 Қыркүйек 2023
Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметіне Нұрғали Жүнісов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрғали Сырлыбайұлы 1975 жылы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қаратөбе ауылында дүниеге келген.
1998 жылы ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығымен бітірген.
Еңбек жолын ОҚО ІІБ жанындағы мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының әскерилендірілген өрт күзеті жасағының № 16 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастаған.
1997-2018 жылдары Түркістан облысы ТЖ департаментінде әртүрлі лауазымда еңбек етті.
2018 жылдан бастап Түркістан облысы ТЖД бастығы қызметін атқарып келді.