Ақтөбе облыстық Қазынашылық департаментінің басшысы тағайындалды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Манарбек Бұхарбаев Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Манарбек Мусинұлы Бұхарбаев 1998 жылы Ақмола қаржы-экономикалық колледжін, 2003 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облыстық қазынашылық басқармасында жетекші маман-жүргізуші қазынашы қызметінен бастаған.
Әр жылдары түрлі лауазымдарда еңбек еткен. Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Кейін Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы қызметін атқарды.
Мемлекеттік қызметтегі еңбегі еленіп, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 25 жыл» мерекелік медалімен, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, сондай-ақ «ҚР Қаржы министрлігіне - 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Айта кетейік, Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Әлішер Мұқажан Ақпарат комитеті төрағасы қызметіне тағайындалды.