Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасына жаңа басшы тағайындалды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Бұған дейін Ақтөбе облыстық дін істері басқармасында басшы болған Әлімбек Тұралиев жаңа қызметке тағайындалды. Ол бүгіннен бастап Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Әлімбек Тұралиев Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 2019 жылы – Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
– 2011 – 2013 жылдары аралығында Ақтөбе қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық жоспаралау және есеп секторының бас маманы, 2013 – 2015 жылдары аралығында Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімінің құқықтық-ұйымдастыру сұрағы бойынша жастар саясаты және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі болды. Ал 2015 – 2019 жылдары аралығында Ақтөбе облысы әкімі аппаратының түрлі лауазымдарында жұмыс істеді. 2019 жылдан 2025 жылдың ақпан айына дейін Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарды, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 7 сәуірде Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы қызметіне Жүсіпжан Ақзам тағайындалды. Ол еңбек жолын осыдан 32 жыл бұрын зоотехник болып бастаған.