Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің бастығы әлеуметтік желіде парақша ашты
03:23, 10 Ақпан 2022
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов Facebook-те өз аккаунтын ашты. Енді азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз пікірін қалдыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әлеуметтік желідегі парақшаның ашылуы азаматтардың полициямен тығыз қарым-қатынасының қосымша алаңын құруға бағытталған. Бұл азаматтардың проблемаларын жедел шешудің тағы бір алаңына айналады, қоғамның полиция қызметкерлеріне деген сенімін арттырады. Қазіргі уақытта біздің департаменттің парақтары Instagram, Facebook және YouTube-та жұмыс істейді. Сондай-ақ, ДП электронды поштасы бар»,- деп хабарлады облыстық ПД бастығы Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, Абай Жүсіпов департаменттің бастығы қызметіне қаңтар айында тағайындалды. Жеке құрамға ІІМ Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.