Ақтөбе облысынан ҚХР-ға мұздатылған сиыр етінің бірінші партиясы жөнелтілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «АкТеп» ЖШС-мен 20 тонна мұздатылған сүйексіз сиыр еті вакуумдық қаптамада Қытай Халық Республикасына жөнелтілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аграрлық несиекорпорациясы етті тұқымды ірі қара малды сатып алу арқылы асыл тұқымдышаруашылық-репродукторды қаржыландыруды жүзеге асырды. Қарыз сомасы - 9,3 млрдтеңге.

Сондай-ақ Аграрлық несие корпорациясы мал бордақылауалаңын толтыру үшін тауарлық мал сатып алуды да қаржыландырды. Айта кету керек,ол ҚХР-ға жеткізіледі. Тауарлық мал сатып алу 2,13 млрд теңгеге жүзегеасырылды.

«Актеп» ЖШС үш жыл бойы Аграрлық несие корпорациясыныңадал клиенті болып табылады. Осы уақыт ішінде корпорация 13 мыңнан астам асылтұқымды – төлдейтін мал басын сатып алуды қаржыландырды. Тек ағымдағы жылдыңөзінде-ақ Австралиядан, АҚШ пен Ресейден 5 мыңнан астам асыл тұқымды ірі қарамал басы сатып алынды.

Аграрлық несие корпорациясы қаржыландыратын жобақуатты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында төлдейтін ірі қара мал басынұлғайтуды көздейді.

«Ақтөбе ет кластері» ЖШС -бұл жоғары сапалы сиыр етін өндіруге маманданған экспорттық-бағытталған еткомбинаты. Кәсіпорын ет кластері өндірісінің толық циклындағы соңғы аяқтаушынысан болып табылады. Комбинат ет өңдеу саласына толық қызмет көрсетеді жәнеөзінің бордақылау базасы бар «АкТеп» ЖШС-мен айрықша жеткізу шарты бар.

Сатып алынған мал ІҚМ бағуда тәжірибесі бар ауылдықкооперативтерге жалға берілетін болады. Орта есеппен бес шаруа қожалығынантұратын бір кооперативке 1000 бас ірі қара мал беріледі.

Осылайша, «АкТеп» ЖШС тарапынан репродукторлардысалуға күрделі жұмсалымдарсыз-ақ облыста жыл бойы бордақылау алаңына және еткомбинатына ет бағытындағы сапалы малдарды жеткізетін асыл тұқымдышаруашылықтар құрылатын болады.

Бүгінгі күні «Алашанкоу фуксин трейд», «Ситик»,«Шенчжень Вей Джиа интернейшенел Трейд» компаниялармен ет жеткізу бойыншамеморандумдарға қол қойылған. Болжамды жеткізу көлемі жылдың соңына дейін 4000тонна сиыр етін құрайды.

Соңғы жаңалықтар