Ақтөбе облысында 2 адам құлдықтан құтқарылды
19:36, 22 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде адам саудасының құрбандары болған азаматтарды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған ведомство ақпаратына қарағанда, 44 және 29 жастағы Ақтөбе облысының тұрғындары
Хромтау ауданындағы ауыл шаруашылығына алдаумен келіп, жарты жыл бойы еркінен тыс жұмыс жасаған.
«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен 53 жастағы Хромтау ауданының беделді азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ҚР ҚК 128-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Хромтау аудандық ІІБ-нің уақытша оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда», - делінген Ақтөбе облыстық ІІД ақпаратында.