АСТАНА. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат - Кеше Ақтөбе облысында бір мезгілде әртүрлі жерден екі бірдей ірі дала өрті орын алды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, алғашқы өрт Ақтөбе облысының Сағашиел ауылында 16:30-да орын алып, 600 гектар аумақты қамтыған. Ал екінші қызыл жалын дәл осы мезетте Алға ауданына қарасты Павловка елді мекенінде тұтанып, 400 гектар алқапты жайлаған.
Тілсіз жау ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен ауыздықталды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.