Ақтөбе облысында 2 мың гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді
08:45, 02 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында 2 мың гектар аумақта екі күн бойы жанған далалы алқаптағы өрт сөндірілді.
Бұған дейін хабарланғандай, өткен маусым айының 29-ы күні кешкі сағат сегіз жарымда Байғанин ауданына қарасты Абай және Қарауылкелді ауылдық округтерінің айналасындағы далалы алқап өртеніп,жалынның «Кеңқияқ-Атырау» магистральды мұнай құбырына жайылу қаупі туды.
Сол күні өртті сөндіру барысында «Байғанин көлік» ЖШС-ның 46 және 56 жастағы екі жұмыскері күйік жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген болатын.
Тілсіз жау бейсенбі, шілденің 1-і күні толығымен ауыздықталды.