Ақтөбе облысында 3 жылда балалар үйінің 339 түлегі баспаналы болады - облыс әкімі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында 3 жыл ішінде балалар үйінің 339 түлегі баспаналы болады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бүгін халықпен есепті кездесуі барысында айтты.

Өңірде тұрғынүйжинақ жүйесі арқылы жетімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жобасы іске асырылып жатқаны белгілі. Әкімнің айтуынша, 2,5 жылда ата-ана қамқорлығын көрмеген 95 жеткіншек тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

«Көркейе бер, туған жер» акциясы есебінен кәсіпкерлер жинақ есепшоттарына салым салды да, балалар пәтерге ие болды. 2013 жылы 20-дан астам жетім балаға тұрғын үй беріледі. Алдағы 3 жылда 339 түлекті баспанамен қамтамасыз етуге ниеттіміз, - деді ол.