Ақтөбе облысында 80 гектар дала өрт құшағына оранды

None
АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында 80 гектар дала өрт құшағына оранды,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Шілденің 5-і күні сағат 17:48-де Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Әлімбетов ауылдық округіне қарасты Бөгембай елді мекенінде дала өрті тіркелді», делінген баспасөз хабарламасында.

Тілсіз жау 80 гектар даланы қамтыған, оның 48 гектары Әлімбетов ауылдық округінің, ал 32 гектары Ашалы елді мекенінің аумағына тиесілі.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт шілденің 6-сы күні кешкі сағат 6-ға таман ауыздықталды.

Төтенше жағдайдың алдын алуға ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 4 маман мен 1 техника, сонымен қатар ерікті өрт сөндірушілер қатарына қосылған 30 адам мен 6 техника жұмылдырылды.