Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Ақтөбе облысында Өзбекстан және Қытайдан келген оралмандарға берілетін өздері жасаған жалған құжаттарды пайдаланып, әлеуметтік төлем ретінде 43,3 млн.теңгені заңсыз алып иемденген адамдар тобының қылмыстық әрекеті әшкереленді. Топтың қатысушылары әрбіреуі мүлкін тәркілеумен 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.