Ақтөбе облысында автожол жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Самара -Шымкент» (Ақтөбе қаласы, Қобда тұрғын кенті) автожолына ішінара шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат QazAvtoJo-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«30 қараша сағат 23:15 бастап Самара -Шымкент» автожолының 710-615 км бөлігінде көктайғаққа байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.