Ақтөбе облысында «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін!» автосайысы басталды
Оған полицейлер, жергілікті атқарушы, білім беру органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысуда.
ІІД баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Ерболат Сарқұловтың айтуынша, 6 күннің ішінде экспедиция мүшелері облыстың 12 ауданына баруды жоспарлауда, біріншісі - Хромтау ауданы болмақ.
Шара барысында жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен педагогикалық қызметкерлердің балалардың жол-көлік апатынан жарақаттанушылығының алдын алу мәселелерін қарастыратын семинар-кеңестер өткізіледі.
Мектеп оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша «Жолдас көмекке асығады» оқытушы анимациялық сериалы көрсетіледі, жүргізушілерге жадынама, бүктемелер таратылады.
Ағымдағы жылдың басынан облыста 92 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 9 адам қаза тауып, 126 адам жарақаттанды.