Ақтөбе облысында браконьер атып алынған алты қабанмен ұсталды
18:10, 25 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында атып алған алты қабанды әкетіп бара жатқан браконьер ұсталды,
деп хабарлайды ҚР ІІМ табиғат қорғау полициясы.
Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті табиғат қорғау және жол полициясы бөлімдерінің қызметкерлері жүргізілген рейдтік іс-шара барысында қабандарды заңсыз аулау фактісін анықталып, «Тойота Ланд Крузер» автокөлігін мінген Ақтөбенің тұрғыны ұсталды.
Заттай айғақ ретінде браконьерден атып алынған 6 қабан, 1 қоян, сондай-ақ «Полярис» маркалы қармен жүретін техника және 2 аңшы мылтығы алынды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.