Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, маусымның 30-ы күні кешқұрым Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарасты Абай және Қарауылкелді ауылдық округтерінің төңірегіндегі далалы алқап жанып, жалынның «Кеңқияқ-Атырау» магистральды мұнай құбырына жайылу қаупі туған. Тілсіз жаудың шарпыған жалпы аумағы 1200 гектарды құрады.
Құтқарушылардың айтуынша, өртті сөндіру барысында «Байғанин көлік» ЖШС-ның 46 және 56 жастағы екі жұмыскері күйік жарақаттарын алып, олар ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайды жоюға ТЖМ-ның 6 адамымен және 2 көлігімен қатар, 65 жергілікті тұрғын жұмылдырылды.