Ақтөбе облысында дәнді дақылдардың 80 пайызға тарта алқабы орылып алынды
13:01, 22 Қыркүйек 2011
ТӨБЕ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысында дәнді дақылдардың 80 пайызға жуық алқабының егіні орылып, 327,3 мың тонна астық бастырылды.
Бұл және басқа да мәселелер жөнінде облыс әкімдігіндегі кеңесте айтылды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ізбақ Өмірзақовтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін егін орағы Қобда, Мұғалжар, Темір аудандарында және Ақтөбе қаласына қарасты шаруашылықтарда аяқталған.
Егін жинауда Мәртөк (гектарына 10,5 центнерден), Қарғалы (гектарына 8,7 центнерден) және Хромтау (гектарына 8 центнерден) аудандарының ауыл шаруашылығы құрылымдары жоғары көрсеткішке жетті. Облыс бойынша гектар берекесі 7,5 центнерден айналды.
Мұғалжар (3,9 ц) және Темір (4,7) аудандарында егін шығымдылығы төмен болып отыр.