Ақтөбе облысында екі жол жабылды
01:33, 06 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында боран салдарынан екі жол жабылды. Бұл туралы «ҚазақАвтоЖол» РМК-ның БҚО филиалы хабарлады.
«5 ақпанда сағат 20:00-ден бастап ауа райының нашарлауына (қар, бұрқасын, боран және жолдын дұрыс көрінбеуі) байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» жолының 615 шақырымынан (Қобда ауылының тұсы) және 526 шақырымына дейінгі (Батыс Қазақстан облысы шекарасына дейін) аралықта және «Ақтөбе-Астрахань» жолының (Шұбарқұдық ауылы тұсы) 177 шақырымынан бастап Атырау облысы шекарасына дейінгі аралықта барлық автокөліктер түрлерінің қозғалысы шектелді», - делінген хабарламада.