Ақтөбе облысында иммундау апталығы басталды
17:23, 25 Сәуір 2011
АҚТӨБЕ. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысында бүкіл Қазақстандағыдай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша 23 сәуір мен 30 сәуір аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтеді.
Иммундау апталығы барысында тілек білдірушілер аумақтық емханаларға барып, алдын ала егуден өте алады.
Атап айтқанда, осы іс-шара аясында басқа елдерден келіп, тіркеусіз тұрып жатқан және тұрақты жұмыс орны мен тұрақты мекені жоқ адамдарға баса назар аударылатын болады.