Ақтөбе облысында қар құрсауынан «УАЗ» көлігі мен 12 адам құтқарылды
09:25, 01 Наурыз 2012
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Ақтөбе облысының Ойыл ауданында Ақшатау және Талтоғай кентінің арасындағы күре жолда ауа райының бұзылуынан «УАЗ» көлігі мен 12 адам қар құрсауында қалып қойды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ойыл аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің және әкімдіктің күшімен көліктер адамдармен бірге жолдың тазаланған учаскесіне шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.