Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 40 адам құтқарылды

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Астрахань» автожолында қар құрсауында қалған 40 адам мен 18 техника бірлігі шығарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Адамдар мен көліктер Қарауылгелді стансасына орналастырылды.