Ақтөбе облысындағы кәсіпорындардың біріндегі біздің жұмысшылар мен қытайлық жұмысшылар арасында жаппай төбелес орын алды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Бұл іс Ішкі істер министрлігінің қарауына алынды. Біз оқиғаның мән-жайын обьективті бағалау үшін аймаққа тергеушімізді іссапармен жібердік. Оқиға қатысқан барлық азаматтар бұзақылық бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады», деді А.Кулинич.
Оның атап өтуінше, бұл оқиғаға шамамен 20-ға жуық азамат қатысқан. Қаза тапқандар жоқ. Дегенмен 6 азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта министрлік оқиғаның шығу себептерін анықтау үстінде.
Айта кетейік, бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Байғанин ауданында орналасқан «Ареол Құрылыс» пен «М-Техсервис» компаниялары жұмысшылары арасында қақтығыс болғандығын хабарлаған еді.