Ақтөбе облысында Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырына қауіп төндірген дала өрті сөндірілді
19:54, 01 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Байғанин ауданында Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырына қауіп төндірген дала өрті сөндірілді. Өртті ауыздықтау барысында «Байғанин көлік» ЖШС-нің екі жұмысшысы дене күйігіне шалдықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының магистральдық желісіне тарап кету қауіпін туғызған дала өрті Ақтөбе облысының Байғанин ауданында сейсенбі күні кешкілік орын алды. Өрттің алдын ала көлемі - 1,2 мың гектарға жайылды. Өртті сөндіру барысында «Байғанин көлік» ЖШС екі жұмысшысының дене күйігін алуларына байланысты, олар ауруханаға жатқызылды», - делінген баспасөз баянында.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТЖ-ны ауыздықтауға 65 адам мен арнайы техникалар жұмылдырылған.