Ақтөбе облысында көктайғақ салдарынан жолдар жабық күйінде қалуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында жаңбыр және көктайғақ салдарынан автокөлік қозғалысына шектеу сақталуда.

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің деректері бойынша 12 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) облыстық маңыздағы "Донское- Бадамша- Ақтөбе-Орск" (6-76 шақырым, Хромтау-Бадамша); "Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық" (16-190 шақырым, Ақтөбе-Шұбарқұдық); "Ақтөбе-Орск-Петропавловка-Хазретовка" (0-36 шақырым, Петропавловка-Хазретовка); "Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк" (05-93 шақырым. Ақтөбе-Родниковка) автожолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Сонымен бірге республикалық маңыздағы «Ақтөбе-Ор» автожолының учаскесінде (19-135 шақырмдар, Ақтөбе қаласы - РФ шекарасы) жүк көлігі үшін қозғалыс жабылды.