Ақтөбе облысында көлік қаққан велосипедші оқиға орнында көз жұмды
12:28, 21 Қазан 2022
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында жеңіл көлік қағып кеткен 50 жастағы велосипедші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат POLISIA.KZ телеграм каналына сілтеме жасап.
21 қазан сағат 00.35-те Темір ауданына қарасты Ақтөбе - Астрахань автожолының 175-шақырымында, Жақсымай ауылы маңында Шұбарқұдық ауылынан Қандыағаш қаласына қарай бағыт алған Lada 210740 автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі 50 жастағы велосипедшіні қағып кетті.
Велосипедші алған жарақаттарынан жол-көлік оқиғасы орнында қайтыс болды.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: zelaomos.news