Ақтөбе облысында көлік өртінің салдарынан 47 жастағы Украина азаматы зардап шекті

None
АҚТӨБЕ. 7 наурыз. қазАқпарат - «Ақтөбе-Хромтау» көлік жолындағы Заречный-4 кентінің маңында «МАН» көлігін өрт шалды, соның салдарынан оның жүргізушісі - Украина елінің 47 жастағы азаматы зардап шекті,

деп хабарлады ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

 Жол-көлік оқиғасы 6 наурыз күні болды. Оқиға орнына Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 6 адамы мен 1 техника бірлігі жіберілді. Тілсіз жау 20 минуттан кейін ауыздықталды.

 1-2 деңгейдегі термиялық күйік, қолдары мен бетінің үш пайыздық күйігін  алған  1965 жылғы көлік жүргізушісі Ақтөбе қаласының теміржол ауруханасына жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді. Өрттің шығу себебі мен шығын анықталу үстінде.