Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметке іріктеу «Skype» арқылы жүргізілуде

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өткен болатын.

Осыған орай, бүгінгі күні Ақтөбе облысында жаңатехнологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардадың бос мемлекеттікәкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстардың ашықтығын арттырумақсатында белсенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық Мемлекеттікқызмет істері департаменті.

Департаменті мамандарының айтуынша, мемлекеттік қызмет саласында «Skype»бағдарламасы мен бейне конференц байланысы жиі қолданылады. Мысалы,Департамент қызметкерлері, өткізілетін конкурстардың ашықтығын, жариялылығынжәне объективтілігін бақылайтын уәкілетті органның өкілдері ретінде, аудандеңгейінде өткізілетін конкурстарға «Skype» IP телефония бағдарламасының көмегімен процеске қатысады.

Бұлқызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға және іссапар шығындарынқысқартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ағымдағы жылдың басынан беріоблыстық соттың конкурстық комиссиясы әңгімелесуді бейнеконференция байланысыарқылы өткізе бастады.

Мысалы,Қарғалы аудандық сотының бас маманы лауазымына үміткер Салтанат Мұсабековаменсұхбаттасу видеоконференция арқылы өткізілді, бұл оған әңгімелесуге қатысу үшіноблыстық орталыққа бармауға және жол жүру шығындары мен уақытын үнемдеугемүмкіндік берді.

«Жыл басынан бері біздің Департаменттің қызметкерлері ауданжәне мемлекеттік органдармен өткізілген 30 іріктеу сатысына «Skype» видеожелісі арқылы байқаушы ретінде қатысты. Осылайша, облысымыздыңмемлекеттік қызмет саласында инновациялық ақпараттық технологияларды дамытып,оны одан әрі қолдану бәсекеге қабілеттілік деңгейін және халықтың мемлекеттікаппаратқа деген сенімін арттыруға зор мүмкіндік беретіні сөзсіз»,- деді департамент басшысы Расул Медетов.




Соңғы жаңалықтар