Ақтөбе облысында МИ-8 тікұшағы апатты жағдайда қонды
22:04, 31 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Шалқар ауданының тұрғылықты пунктіне жақын маңда «Евразия-Эйр» компаниясына тиесілі МИ-8 тікұшағы апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінен хабарлайды.
«Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнынан құрамында 3 адам бар тікұшақ экипажы мен бір жолаушы автокөлікпен Бозой станциясына жеткізілді», - деп хабарлайды ведомстводан.
Қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті аталған іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.