Ақтөбе облысында Наурыз мейрамына 4 тонна бауырсақ пен 5 мың литр көже пісірілмек

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ұжымдарда, мектептерде және мәдени орталықтарда көктем мерекесіне арналған іс-шаралар өтуде.

Басты мерекелік шаралар және жаппай мерекелеу 21 және 22 наурызда негізгі қалалық алаңдар мен селолық округтерде өтеді. Ұлыстың Ұлы күніне арнап дәмханалар, мейрамханалар мен сауда нысандары шамамен 4 тонна бауырсақ, 5 мың литр ұлттық сусын - Наурыз көже әзірлейді деп күтілуде. Ақтөбеліктер жаппай мерекелеу кезінде Наурыз көженің дәмін тегін тата алады. Көпшілік іс-шаралар ҚР Тұңғыш Президенті саябағында, Орталық стадионда, Металлургтер мәдениет үйінде, «Мега Ақтөбе» сауда ойын-сауық кешенінде, Пушкин атындағы саябақта және «Ретро», «Авиатор» саябақтарында өтеді. Бұл жерлерде ұлттық салт-дәстүрлер мен жоралғыларды паш ететін театрландырылған көріністер, шығармашылық ұжымдардың концерттері, ұлттық ойындардан жарыстар мен сұрақ-жауап сайыстары, байқаулар өтпек.